ШҚО-да 38 мыңға жуық қызметкердің жалақысы өседі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШҚО-да бюджет саласындағы 38 мыңға жуық қызметкердің еңбекақысы өседі.
Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысы мен ағымдағы жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары турасында баяндаған өңір әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.
«Ағымдағы жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 109,6%, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 3% өсті. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы өсім 19% құрады. Бөлшек сауда айналымы да қарқынды ілгері басып келеді», — деді ШҚО басшысы.
Даниал Ахметов Елбасы тапсырмасына сәйкес төменгі жалақы көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бұл бюджет саласында еңбектенетін 38 мыңға жуық азаматқа қатысты болып отыр. Сондай-ақ, облыстағы 16 астам ірі кәсіпорындар да жалақы деңгейін арттыруды қолға алды. Осылайша, біз әлеуметтік саланы дамытуды іске асырып келеміз», — деді Ахметов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ