ШҚО-да 11 жастағы бала термикалық күйіктен қайтыс болды

0
ШҚО-да 11 жастағы бала термикалық күйіктен қайтыс болды


Глубокое ауданының Черемшанка ауылында 11 жастағы бала термикалық күйіктен қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім жанармаймен ойнағанды жақсы көреді екен. Әдеттегідей эксперимент жасап жатқанда өрт шыққан. Қайғылы жағдай болғанда анасы басқа бөлмеде ұйықтап жатыпты.  Алдын ала болжам бойынша, ол алкогольді ішімдік ішкен. 

Оқиғаның мән-жайын полицейлер тексеріп жатыр. Қайғылы жағдай жексенбі күні болған. Өрт сөндірушілерге хабар түспеген. Құтқарушылар көпшілікті балаларын қадағалап, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға  шақырды. Айта кетейік, жыл басынан бері өрт қауіпсіздігін сақтамаған 700 оқиға тіркелген. Оның 55-і балаларға қатысты. 

Дереккөз: sn.kz