ШҚО Бесқарағай ауданында дәрігерлер ағылшын тілін үйреніп жатыр

0

Қазір облыс әкімі Даниал Ахметовтің дәрігерлерге ағылшын тілін оқыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес 20-ға жуық медицина қызметкерлеріне ағылшын тілін оқытып жатқан жайымыз бар. Біз тек тіл үйретумен ғана шұғылданбаймыз, әртүрлі іс-шаралар өткіземіз. Шығыс Қазақстан облыстық лингвистикалық орталығымен бірлесе жұмыс істейміз», — дейді орталық директоры Айнаш Әлібекқызы.

Жиырма дәрігердің қатарында осы орталықта ағылшын тілін үйреніп жатқан Бесқарағай аудандық орталық ауруханасының фельдшері Сәуле Куркумбаевамен сөйлескенімізде тіл оқыту курсына үш айдан бері барып жүргенін айтты. «Өзім еңбек ететін ауруханадан бір емес, бірнеше кісі ағылшын тілін үйреніп жатырмыз. Қазір облыстың дәрігерлері біліктілігін арттыру үшін шет елдерге жіберіліп жатыр ғой. Мені де жіберген жағдайда дайын болайын деп осы курсқа жазылдым. Жалпы, тіл білгеннің артықтығы жоқ қой», — дейді дәрігер.

Орталық жанынан «English speaking club», «Әдемі сөйле» шешендік шеберлік клубтары мен «TEDxBESK» деген конференция-студия ашылыпты. Айнаш Әлібекқызы шеберлік клубы мен студия осындағы тіл үйренушілердің өз ойын қысылмай, ашық әрі еркін жеткізуіне, көркем де кестелі сөйлеуіне машықтандыру һәм латын әліпбиін оқыту мақсатында ашылғанын айтады.  «Шешендік шеберлік клубы былтыр 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесінде аудан әкімі Дәулет Батырбаевтың қатысуымен ашылды. Бұл біздің білуімізше тілдерді оқыту орталығы жанынан ашылып отырған алғашқы клуб болуы керек. Алдағы уақытта тіл үйренушілердің шешендік шеберлігін шыңдау үшін танымал тұлғаларды шақыру жоспарымызда бар», — дейді орталық директоры.

Реті келгенде айта кетейік, орталық директоры Айнаш Әлібекқызы мемлекеттік тілді оқыту бойынша өткен облыстық байқауда топ жарып, Ахмет Байтұрсынов атындағы республикалық байқауға қатысып қайтыпты.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

Шығыс Қазақстан облысы,

Бесқарағай ауданы

Дереккөз: http://egemen.kz/