Шорт-тректен әлем кубогының кезеңдік сайысы Алматыда өтеді

0

Төрткүл дүние жанкүйерлері көз тігетін айтулы жарысқа 18 мемлекеттен 150-ден аса спортшы келеді деп күтілуде. Олардың арасында Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған саңлақтар да бар. Сонымен қатар, ISU техникалық комитетінің мүшесі Натали Ламберт те Алматыға ат басын бұрғалы отыр. Бұл маманның есімі көпшілікке жақсы таныс. Канадада туып-өскен айтулы конькиші 1992 жылы Альбервильде алауы тұтанған Олимпия ойындарында бір алтын және екі күміс медальді мойына ілді. 1986-1998 жылдар аралығында өткен әлем чемпионаттарында 16 мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Сонымен қатар, желтоқсан айында қысқы спорт түрлерінің біраз жұлдыздары Алаш топырағына ат басын тірейді.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Алматыда өтетін әлем кубогының кезеңдік сайысында мына шәкірттеріне сенім артып отыр:  Әйелдер – Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихнонова, Әсел Тайшыманова, Анита Нагай, Яна Хан. Ерлер – Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Мерсаит Жақсыбаев, Еркебұлан Шамұханов және Әділ Ғалиахметов.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз