Шомылғысы келмеген ит қулыққа барды

0

Желіде суға түскісі келмей, өлген кейіп танытатын ит танымал бола бастады. Нгуанг — Оскарға лайық нағыз актер.

Тағы оқыңыз: Instagram-да тіркелген ақылды маймыл танымал бола бастады — күлкілі видео

Бангку тұқымды иттің иесі «досының» мұндай қылығына күнде куә болады. Ит далада серуендеп келген соң, суға түскісі келмейді екен.  

Ол мүлдем қозғалмай жатады. Бірақ иесі иттің бұл қулығын жақсы біледі.

Таиландтық бангку – Азия елдерінде көп кездесетін ит түрі. Олар хаскиге өте ұқсас, иесіне адал.



sputniknews.kz