Шолпан Елгезекова қаза болды: Gelandewagen жүргізушісі ұсталды

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Жүргізуші жол апатынан кейін қашып кеткен еді

АСТАНА, 30 желтоқсан— Sputnik. Алматы полициясы бірнеше адамның қазасына алып келген жол апатына күдікті жүргізушіні ұстады. 

Бұған дейін хабарланғандай, жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болған, оның ішінде театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова бар. 

«Күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жол апаты 29 желтоқсанда Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Gelandewagen жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа көлікпен соқтығысады. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішінде отырған екі әйел көз жұмды. Тағы бір әйел ауыр хәлде ауруханада жатыр. Күдікті жол апаты болған жерден қашып кеткен еді. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/