Шок! Қайтыс болған әжесінен 3 жылдан кейін SMS келді

0

59 жастағы Лесли Эмерсон 2011 жылдың шілде айында өмірден озды. Марқұм көзі тірісінде отбасы мүшелерімен жиі хабарласып тұратын әдеті бар еді. Сол себепті, туыстары оның телефонын қоса жерлеген.

Қайтыс болған әжесі

Қайтыс болған әжесі

22 жастағы Эмерсон әжесіне отбасы туралы жиі хат жазып тұратын. Күтпеген жерден әжесі 3 жылдан кейін мәтіндік хабарламамен жауап берді.

Хатта: «Мен сені қадағалаймын, бәрін жеңе аласың, бәрі жақсы болады», — деп жазылған.

Эмерсонның қайтыс болғанынан үш жылдан аса уақыт өткен соң жұмбақ жауап келді.

Немересі хатты алғанда аңтарылып тұрып қалғанын айтады.

«Біз оның ешқашан жауап бермейтінін білетінбіз. Мен өз хаттарымды тек оған мұң ретінде шағып жазып тұратынмын» дейді хатты алған жас.

Бұл істің байыбына бара алмаған Мисс Эмерсон зерттеу жүргізуге шешім қабылдайды.

Ақырында, ол бірнеше апта бұрын ұялы байланыс операторы Giffgaff-тың Эмерсон мырзаның нөмірін басқа бір адамға бергенін анықтап шығады.

Нөмір иесі бұл хаттарды өзінің достары жазып жүр деп ойлайды да, оған осылай жауап қайтарған екен.

Дайындаған: М.МҰҚАШ, KzNEWS