Шіркеу патриархы Ресей әскерлерін өлімнен қорықпауға шақырды

0

Шіркеу қызметкері  Ресей әскерлеріне мәңгілік өмір барын жиі еске алуды, қаза болған жағдайда, мәңгілік өмірге қол жеткізетіндерін айтып, күреске шақырды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Патриарх сөйлеген бейнежазбаны Мұхтар Әблязев өз Instagram парақшасында жариялады.

— Әскери борышты өтеу үшін қасық қандарыңыз қалғанша күресіңіздер! Отан үшін отқа түссеңіздер, Құдайдың рақымына бөленетіндіктеріңізді, мәңгілік өмірге аттанатындарыңызды естен шығармаңыздар, — деді патриарх.