Домой Жаңалықтар «Шімән апа» образымен танылған актер қалай 22 келіге арықтағанын айтты (видео)

«Шімән апа» образымен танылған актер қалай 22 келіге арықтағанын айтты (видео)

0
1249

Әзілкеш Ерболат Төлеген «1001 түн» бағдарламасында үш-төрт айда 22 келі салмақтан арылғанын айтты. Өнер иесі бала кезінен осы уақытқа дейін толықтықтан жапа шеккенін жасырмай баяндап берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бағдарлама жүргізушісі актерден «Шімән апа» рөліне қайта ораласыз ба?» деп сұрады. Ал актер 22 келі салмақ тастағанын, бірақ бұл жаңалықтың ойнайтын рөліне әсер етпейтінін айтты. «Мәселе, семіздік емес, рөлде ойнайтын — актер. 3,5 — 4 айдың ішінде 22 келі салмақ тастадым. Мен бұрыннан диета ұстап, тастап келе жатырмын. Бірақ соңғы диета нәтижесі осылай болды. Біреулер «Қатерлі ісікпен ауырмайсың ба?» деп жатады. Менің бойыма сәйкес салмақ осы. Бұрынғы салмақ қайтып келуі мүмкін. Бірақ осы салмақты өзім ұстап тұрамын. Бала кезден толық болдым. Толықтықтан жапа шеккен адаммын. Мектепте, сыныптастар, ағайын-туыстың балалары мазақ қылады. Одан бөлек артық салмақ өз денсаулығыңа зиян. Биікке көтерілгенде тізе ауырады. Артық салмақтың зиян екенін айтып жүрдім. Қазір салмақ тастағаннан кейін денсаулығым жақсарды», — деді Ерболат Төлеген.