Шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді

0

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлеріне табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Мұндай пилоттық жобаны Қаржы министрлігі іске қосады, деп хабарлайды Kznews.kz порталы http://Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

Ведомствода жобаға барлығы қатыса алмайды, әзірге тек қана ниет білдірушілер ғана қатыса алады.

Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформа арқылы тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табыстың 1% алады.

Қолданыстағы жеке кәсіпкерлер салық режимін өзгерте алады.

Оператор дара кәсіпкердің шешімі бойынша қаражатты ұстап қалу жөніндегі міндеттемелерді орындау бөлігінде салық агенті болып танылады. Пилоттық жобаға қатысушылар үшін міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды салу объектісі осындай дара кәсіпкердің табысы болып табылады, бір ең төменгі жалақы мөлшерінде, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды салу объектісі ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшеріндегі табыс болып табылады, — деп мәлімдейді ҚР Қаржы министрлігі.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, елімізде 500 мыңнан астам курьер бар, орта есеппен бір курьер айына 400 мың теңгемен табыс табады. Ал, такси жүргізушілері айына қанша ақша табатыны әлі анықталмаған.

Фото: vlast.kz