Шиелі ауданының әкімі тұрғындармен кездесуге халықты кіргізбей қойған (видео) – новости Казахстана

0
138

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы тұрғындармен кездесуге қарапайым халықты кіргізбей қойған. Өзінің мұң-мұқтажын аудан басшысына айтуға барған көпшілікті күзетшілер есіктің аузынан қайтарған деп хабарлайды 31 арна.

Әшім Оразбекұлы. Фото: syr-media.kz, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Әшім Оразбекұлы. Фото: syr-media.kz, видеодан кадр. Коллаж: NUR.KZ

Қарапайым халықты әкіммен жүздесуге жібермей тұрған қызметкерлер бұл әрекеттерін арнайы бұйрық деп түсіндірген.

Ал тұрғындар осы кездесу үшін бар тірлігін тастап, таңғы 09:00-ден бастап осы мекеменің жанында жүр.

Алайда олардың бұл әрекетінен нәтиже шықпаған.

Дереккөз: kaz.nur.kz