Шетелге заңсыз шығарылған қаржыны қайтаратын жұмыс тобы құрылды
Қазақстанда шетелге шығарылған капиталды қайтару бойынша 5 жұмыс тобы құрылды, — жеп хабарлайды Kznews.kz сайты 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір оның мүшелері қаражаттың көлемі мен қай елдерге жіберілгенін анықтап жатыр. Бас прокуратураның арнайы комиссиясы шетелдіктермен жасалған келісім-шарттарды зерттеп, қаржыны заңсыз жолмен шығарған азаматтарды іздестіреді. Ақша аударылған мемлекет өкілдерімен келіссөздер жүргізіледі. Келешекте мұндай жағдайларға жол бермеу үшін валюталық бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетіне жүктеу ұсынылды.
Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, кәсіпкерлерді капиталды қайтаруға ынталандыру мақсатында бірқатар шара қолға алынбақ. Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі:
— Әр капиталдың өзінің шығу тегі бар. Әрбір капиталдың контракты бар. Заңды, заңсыз жолмен шыққаны бар. Арнайы премьер-министрдің басшылығымен комиссия жұмыс істеп отыр. 5 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Сыртқа шыққан қаражат пен шығуға жол бермеу. Негізінен біз бизнеске, инвесторларға дұрыс заңды жағдай жасауымыз керек. Капиталды қайтарамыз заңсыз шыққан. Заңды шыққан капитал болса, ішке келуге мүмкіндік жасауымыз керекпіз. Ол капитал экономикамызға жұмыс істеуге жағдай жасауымыз керек.
(фото: tengrinews.kz)