«Шетелдіктермен төбелескен» қызылағаштық бес жігітке үкім шықты

0

25 желтоқсанда Ақсу аудандық сотында «шетелдіктермен төбелесті» делінген Қызылағаштың бес тұрғынына үкім оқылды. Сот Берік Рысалдинов пен Сарқыт Салхановтың әрқайсысының бас бостандығын екі жыл алты айға шектеді. Қалған үш азамат: Нұрбол Мұхаметалин, Бейбіт Мұхаметалин және Еркін Салхановтың бас бостандығы екі жылға шектелді. Бұл ақпаратты олардың адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

Сейсенбі, 24 желтоқсанда олардың прокурормен процессуалдық келісім жасасатыны туралы хабарланған еді. Адвокат Жанар Балғабаеваның айтуынша, кеше процессуалдық келісімге қол қойылып, сотқа өтініш түсірілген. Бүгін өтінішті қараған сот оны қабылдаған.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq