Шетелдік жұмысшылар астанада төбелес шығарды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Полицейлер жанжалдан соң сегіз адамды ұстады. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Үндістаннан келген сегіз жұмысшы құрылыс нысанында төбелес шығарды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 27 қазан күні болған. Сағат 20:58-де жедел басқару орталығына жатақхана аумағында Үндістан азаматтары арасында төбелес болғаны туралы хабар түсті.

«Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды. «Есіл» ауданының полиция басқармасына сегіз шетелдік жұмысшы жеткізілді», — деп жазылған хабарламада.

Тағы оқыңыз: Алматы облысындағы төбелестен кейін 70 Қытай азаматы елден шығарылды

Полицияда құрылыс нысанының атауын нақтылаған жоқ. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кінәлілерге екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (5 миллион теңгеден астам) айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.



sputniknews.kz