Шетелден Қазақстанға аударылған ақша көлемі қаңтар-сәуірде 30,7%-ке азайды

0
0
Advertisement

Жіберілген және қабылданған аударымдар көрсеткішінің төмендеуіне коронавирус пандемиясы және әлемнің көптеген елінде іскерлік белсенділіктің баяулауы себеп болды  

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі осы жылдың қаңтар-сәуір аралығында өткен жылдың сейкес кезеңімен салыстырғанда 18,2% азайды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Барлығы 1,2 миллион транзакция жасалды, 246,2 миллиард теңге аударылды.

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 12,5%-ке, шетелден Қазақстанға келген аударымдар 30,7%-ке азайды.

Алайда осы кезеңде Қазақстан аумағында жүргізілген төлемдер көлемі 20,1%-ке өскен.

Оқи отырыңыз: Елордалық депутат Kaspi Gold иелерін 3% салық төлеуге міндеттеуді ұсынды

Қазақстаннан шетелге аударылған ақшаның басым бөлігі Ресей Федерациясына (35,5%), Өзбекстанға (18,8%), Түркияға (16,8%) және Қырғызстанға (12,3%) жіберілген. Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарының басым бөлігі Ресей Федерациясынан (27,7%), Оңтүстік Кореядан (20,2%), Қырғызстаннан (12,3%) және Өзбекстаннан аударылған.

«Жалпы, сәуір айында осы жылдың наурызымен салыстырғанда жіберілген және алынған ақша аударымдары 2 есе азайды. Бұған COVID-19 індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау және әлемнің көптеген елінде іскерлік белсенділіктің төмендеуі себеп болды деп пайымдаймыз», – деп атап өтті ұлттық банк.

2020 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстанда ақша аударымдарының 6 халықаралық жүйесі жұмыс істейді – «Золотая корона», Western Union, ЮНИСТРИМ, Contact, Faster, MoneyGram.  



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз