Шетелде жүрген 752 қазақстандық елге қайтарылады

0
12

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 18 наурыздан бастап шетелдегі 7 702 қазақстандық елге жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қазақстан шетелде жүрген жеті жүзден астам азаматты елге әкеледі. Бұл мәселе президенттің ерекше бақылауында, деп мәлімдеді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Айтуынша, президенттің тапсырмасымен 18 наурыздан бастап шетелдегі 7 702 қазақстандық елге жеткізілген.

«Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезде көрінеді. Мемлекет тағы да 752 азаматты елге әкеледі. Бұл президенттің ерекше бақылауында тұр», – деді Абаев онлайн-брифингте.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды.

19 наурыздан астана мен Алматы карантинге жабылған. Коронавирус жұқтырған науқастар саны ең көп осы екі мегаполисте тіркеліп отыр.

Сонымен қатар, Ақтау, Атырау және Қарағанды облысының бес қаласы (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау және Шахтинск), Ақмола облысы карантинге жабылды.

31 наурыздан Қостанай облысы өз шекарасын жабады. Бұл өңірде әзірге індетке шалдыққандар тіркелмеген.

Сондай-ақ Ақтөбе облысына және Қызылорда қаласына кіруге тыйым салынады.



sputniknews.kz