«Шет елге шықпадым, коронавирус жұқтырғандармен байланыспадым»: Павлодарда үйінде болған әйел коронавирус жұқтырып алды — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысында коронавирусты жаңадан жұқтырған екі адам тіркелді. Олар Екібастұз және Павлодар қаласының тұрғындары, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауруханаДенсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, COVID-19 Екібастұз қаласының 1949 жылы туған тұрғыны мен 1978 жылы туған Павлодар тұрғынынан табылды.

Екібастұз қаласында коронавирус жұқтырған ер адам жақында провизорлық госпитальға жеткізілген. Одан COVID-19-ға сынама алған, ол оң нәтижені көрсеткен.  Пациент өзін бес күн бойы ауырдым деп санайды, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген.

Павлодарда коронавирус анықталған 1978 жылы туған науқас — үй шаруасындағы әйел. 15 сәуірде ол ЖРВИ диагнозымен провизорлық пульмонологиялық госпитальға жеткізілген. COVID-19 сынағы оң нәтиже көрсеткен.

Науқастың айтуынша, ол елден тыс жерге шықпаган, коронавирус жұқтырғандармен байланыста болмаған. Алдын ала екі науқасқа да пневмония мен ЖРВИ диагнозын қойды.

Олар тұратын үйлер әлі карантинге жабылмаған, зарарсыздандыру шаралары және тұрғындардың бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Екі жағдайда да байланыста болған адамдардың шеңбері анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Эпидемияға қарсы іс — шаралар жалғасуда», — деді медициналық ведомствода.

Айта кетейік, Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар саны 15 адамға жетті.

 

stan.kz