Шешуге уақыт жоқ: Министр Сапарбаев көпбалалы отбасының төріне аяқ киіммен кіріп кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметіне жаңа келген Бердібек Сапарбаев бұл жолы еркі әрекетімен көзге түсті.

Шешуге уақыт жоқ: Министр Сапарбаев көпбалалы отбасының төріне аяқ киіммен кіріп кетті

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Алайда шенеунік өз әрекетіне ақталып бақты. Кадрлардан министрдің Атыраудағы көпбалалы отбасының бірінің үйіне бас сұққанын көруге болады. Қасына бірнеше нөкерлерін ерткен шенеуніктің балалар тамақтанып отырған үйге дейін аяқ киімімен кіргені байқалады. Бұны көпшілік сынға ала жөнелді. Ал, өзі былай деп түсіндірді.

«Біріншіден ол үйге аяқ киімнің сыртынан киетін затты киіп кірдік. Екіншіден үй иесінің рұқсатын алып, аяқ киімімізді шешкен жоқпыз. Өйткені уақыт тапшы болды», — деді Сапарбаев. 

Көпшілік бұл жағдайға түсіністікпен қарау керектігін айтты. Енді бірі кім болса да, үй ішіне аяқ киіммен кіруді бұрыс санады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz