«Шешіндіріп, арқасына су бүркеді». Ахметбек Нұрсила қазақ әйелдерін алдап жүрген азамат туралы айтты

0

Танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила «Менің өмірім» бағдарламасында қазіргі таңдағы алаяқтық жасап жүрген жандар туралы айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Жанат Қожамжаров есімді азамат бүкіл қазақты алдап жүр.

«Ол қазақтың әйелдерін несиеге кіргізіп, бір миллион теңгеден жинап алады. Одан кейін «сертификат алсаң, тренинг өткізіп, осы ақшаның екі есесін тауып аласың» деп алдайды. Ал не үйретеді десеңіз, әйлдерді жалаңаш шешіндіріп отырғызып қояды. Сосын арқасына су бүркеді. Барып келгендердің бәрі зар жылап келді. Бірақ әлеуметтік желіге ешқайсысы айтқысы келмейді. Содан кейін Кенесарының рухын сәуле деген әйелге салып бердім. Сосын атын өзгертіп, Кенесарықызы етеді. Ал Омар Жәлел соның продюсері болды. Олар қанша адамның обалына қалып жүр. Мұны тоқтату керек», — деді кәсіпкер.

Кәсіпкер мұндай азаматтарға тоқтау салу керегін атап өтті.

«Қазіргі таңда барлығы Жанат Қожамжаровтан шетелге барып, сұхбат алып жүр. Себебі ол Қазақстанға келе алмайды, қылмыс жасаған. Ал оны жоғарыға көтеруге болмайды», — деді ол.

фото: ашықдереккөз