Шешен балуаны: Қазақтармен күрескім келмейді. Біз олармен бір түйір нанды бөлісіп жеген халықпыз

0

Қазнет шешендік балуан Әлихан Сүлеймановтың желіде айтқан сөздеріне сүйсінгенін жарыса жазып жатыр.

Жуырда Мәскеуде өткен АСА 115 турнирінде шешендік балуан қазақстандық Нұрсұлтан Қасымхановты асқан басымдықпен ұтты. Алайда спортшы осы жекпе-жегінен кейін ешқашан қазақ халқының өкіліне жұдырық жұмсағысы келмейтінін айтты.

«Мен Нұрсұлтанды ерекше құрметтеймін. Оның өте мықты, жақсы балуан екенін білемін. Тізем байқамай бүйрегіне тиіп кетті. Ауыр жарақат алмағанына қуаныштымын. Ермек Дауылмен болған жекпе-жекке дейін қазақтармен, ингуштармен жекпе-жекке шыққым келмейтіні туралы айтқан едім. Мүмкіндік болып жатса, олармен төбелескім келмейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@kazakh_inform)

Бір шетінен мен Қазақстанды да таныстырамын деуге болады. Біздің тарихымыз тікелей қазақ жерімен байланысты. Соңғы нанымызды бөлісіп жеген ел десек болады. Сол себепті қазақтармен шаршы алаңда кездеспесем деп едім», — дейді аралас жекпе-жек балуаны Әлихан Сүлейманов.