Шерзат Полаттың үйін өртеген кімдер? — адвокат мәлімдеме жасады

0

Қазақстанда полиция Талғарда өлтірілген жасөсіпірім Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды әлі таппаған.

Бұл туралы Шерзаттың ісі бойынша өткен баспасөз мәслихатында отбасының адвокаты Саида Тәукелева айтты. Оның айтуынша, оқиғадан екі ай өтсе де үйді өртегендер табылмаған.

«Облыс прокурорымен кездестік, ол бізге тергеудің барлық нәтижелері туралы баяндады. Ол да істің аяқталуы әбден мүмкін екенін айтты, өйткені сараптамаға қажетті бірқатар процедуралар аяқталған. Әлі ешкім табылған жоқ. Үлкен жұмыс атқарғандарын айтты, алайда, әзірге нәтиже жоқ», – деді адвокат.