Шерзат Полаттың ісі: прокурорлар айыптау актін дайындап жатыр

0

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Шындалиевтің сөзінше, іс Алматы облысының прокуратурасына жіберілген. Енді айыптау акті дайындалып жатыр.

— Бұған дейін айтқанымыздай, қылмыстық істі тергеу толық аяқталды. Іс зерттеп, айыптау актісін жасау үшін прокуратураға жіберілді. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толықтай тексеруде. Осыдан кейін істі сотқа жіберу туралы шешім қабылданады, дейді ол.

Іс сотқа қашан жіберілетіні әзірге белгісіз. Күдікті адамдардың санында өзгеріс жоқ.

— Әзірге нақты мына күн деп айта алмаймын. Себебі заңға сәйкес мұндай шешімдер 10 күннің ішінде қабылданады. Егер ол қиын қылмыстық іс болса, прокурор шешімді бір ай ішінде шығара алады. Қазір бұл іспен Алматы облысының прокуратурасы айналысып жатыр, дейді Шындалиев.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін тергеу толық аяқталып, іс прокурорға жолданғанынхабарлаған едік.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.

ТЕРГЕУ БАРЫСЫ

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.