Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс — Президент

0
183

Мемлекет басшысы газдың қымбаттауы себебінен наразылыққа шыққан Жаңаөзен тұрғындарының жаппай митингіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс», — деп жазды Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында.