Шенеунікті жазалаймыз деп, жаңа лауазымға тағайындады

0

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтан сұйытылған газ бағасының күрт өсуі туралы іс бойынша барлық айыптаулар алынып, жаңа лауазым берілді, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Kaztag.kz сайтының журналисі Ланга Черешкайтенің мақаласына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, ол тергеу барысында аймақтағы сұйытылған газ көлемін бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы болғандықтан қамауға алынды.

Осы жылдың мамыр айының соңында адвокаттар Ғалымжан Ниязовтың бұлтартпау шарасын күзетпен ұстаудан үйқамаққа алуына қол жеткізді. Жақында бұл іс сотқа жетпегені белгілі болды. Бір күн бұрын адвокаттар облыстық прокуратураға қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шағым берді.

«Өткен жұмада ҚІЖК — нің 301 және 302-баптарының талаптарына байланысты істі зерделеу нәтижелері бойынша облыстық прокуратура қылмыстық істі толық көлемде тоқтату туралы шешім қабылдады», — делінген Маңғыстау облысы прокуратурасының қаулысында.

16 қыркүйекте Ғалымжан Ниязов Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Маңғыстау ауданының әкімі болып тағайындалды.

фото: zakon.kz