«Шенеуніктер Тоқаевты президент ретінде мойындамайды» – Жанболат Мамай

0

«Шенеуніктер Тоқаевты президент ретінде мойындамайды»: талап-арыз тапсырып шыққан Мамай ПӘ кеңселерінен Назарбаевтың суреті ілініп тұрғанын көрген.

Жанболат Мамайдың facebook-тегі парақшасында жүрген тікелей эфирден белсенділердің ғимарат ішінде арыздарды түгендеп, өткізгенін көруге болады.

Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай Президент әкімшілігі кеңсесіне несие амнистиясын жүргізуді талап етіп, қол қойған жүз мың адамның хатын тапсырып шыққандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Президент әкімшілігі кеңсесі 78 мың адамның электронды, 9,6 мың адамның қағаз өтінішін қабылдап алған. Билік өкілдері де арыздар толық қаралатынына уәде берген.

«Індеттің қарқыны ақырындап жатыр деді ғой. Қыркүйекке дейін бір ай күтейік. Талапты орындамаса, митингке шығамыз. Халықтың аманатын тапсырдық. Талапты орындатпай қоймаймыз. Тоқаев бүкіл халықтың несиесін бір рет кешіруге шешім қабылдауы тиіс. Соңына дейін күресеміз, – дейді Ж.Мамайдың өзі.

Бір қызығы, белсенділер талап арыздарын тапсыру барысында президент әкімшілігі канцеляриясындағы кабинеттердің бірінде президент Тоқаевтың суреті емес, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілініп тұрғанын байқаған.

Жанболат Мамайдың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің өзі Тоқаевты әлі күнге дейін президент ретінде мойындамай отыр.

«Уәделі уақытта Ақордаға қарай беттеген белсенділерді полиция қызметкерлері президент резиденциясына қарай өткізбей тұрды.

Артынша Ақордадан билік өкілі шығып, белсенділермен келіссөз жүргізді. Келіссөз нәтижесінде белсенділерден 5-6 адам президент әкімшілігінің канцеляриясына кіріп, арыздарды өткізді.

Жанболат Мамайдың facebook-тегі парақшасында жүрген тікелей эфирден белсенділердің ғимарат ішінде арыздарды түгендеп, өткізгенін көруге болады.

Өзін демократиялық партияның баспасөз қызметіненмін деп таныстырған адам президент әкімшілігі канцеляриясындағы кабинеттердің бірінде президент Тоқаевтың суреті емес, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілініп тұрғанын айтты. Ол мемлекеттік қызметкерлердің өзі Тоқаевты президент ретінде мойындамай отыр деген пікірде», – деп жазады qamshy.kz порталы.

Бұған дейін Жанболат Мамай мен оның жақтастарының Ақорда алдында қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз