Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Басқарма төрағасы орынбасарының 900 мың теңгеден астам пара алғаны үшін сот шешімімен ұсталғаны хабарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз — Sputnik. Ресейде Иркутск және Бурятия бойынша Россельхознадзор басқармасы төрағасының орынбасары ұсталды. Владимир Журавлев тергеушілердің көзінше дәлелді жеп қойған, деп хабарлайды РИА Новости.
Ол үстелде тұрған парақты алып, шайнады. Алайда қақалып қалды. Бұл оқиға видеоға түсіп қалған.
Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Басқарма төрағасының орынбасары 160 мың рубль (900 мың теңгеден астам) пара алғаны үшін сот шешімімен ұсталған. Оған кінә тағылды.
sputniknews.kz