Шымкентте зорланған мүгедек қыз келгенде пәк болған. Шенеунік растады
Шымкентте мемлекеттік мекеменің қызметкерлері мүгедек науқасты зорлады деген күдікке ілініп отыр.
Жаны ауыратын қыз бала үстіндегі жарақаттарының қайдан пайда болғанын айта алмады. Анасы Әлия Мамутова не болғанын анықтау барысында көптеген дерек шықты. Науқасқа бірнеше рет спираль қойған. Қыздың анасы туыстарына бұл туралы ескертілмегенін айтты.
Шымкент тұрғыны психологтан «Не үшін спираль қойдыңыздар?» деп сұрағанын айтады.
Анасының айтуынша, психолог Гульмира бұл сұраққа келесідегідей жауап берген:
«Иә, біз спираль қоямыз, әйтпесе ол бала көтеріп қалуы мүмкін». Олар 43 қызға спираль қойған болып тұр. Ал менің қызым 44-ші. Мен қатты таңғалып «Бұл қалай? Сіздер бейкүнә қыздарға да спираль қоясыздар ма?» деп сұрадым».
Шенеуніктер Әлия Мамутованың қызы орталыққа түспей тұрып пәк болғанын растады.
«Иә, 2010 жылы ол пәк болды. Екі жылда бір рет мұны дәрігерлер тексереді. Араға екі жыл салып оның пәк еместігін анықтадық. Сол кезде оған спираль қойды», — деді Шымкент Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бөлімінің жетекшісі қызметін атқарушы Ботакөз Оспанова.