Шелектегі жантүршігерлік жол апаты: мас жүргізуші қаққан оқушының бірі көз жұмды

0
5970

Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан оқушының бірі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқушының бірі көз жұмды. Басқа тағы екі науқастың денсаулығы жайында ақпарат бере алмаймыз. Себебі, балалардың ата-аналары олардың денсаулығы жайында қандай да бір ақпараттың таралуына қарсы»,- деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік , 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кетті. Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста.

Айта кетерлігі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мас жүргізушіге қатысты тергеуді өз бақылауына алды.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету