Шекарадан заңсыз өтпекші болған сұлулық патшайымы күйеуінің көз алдында қаза болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Мексиканың сұлулық патшайымы атанған Мириам Эстефани күйеуі Дильвер Гарсиямен бірігіп, АҚШ-қа қашпақшы болғанда шекарада оқыс оқиғаға тап болып, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мис

Мириам жұбайымен бірге Мексикадан көршілес АҚШ-қа Техас штаты арқылы қашпақшы болыпты. Сегіз айлық сәбиге жүкті ару шекараға өрмелеп шығып бара жатқанында кенетте артқа құлап кетіпті. 

«Олар шекараға шығып бара жатқандарында әйелі күйеуінің көз алдында құлап кеткен», — дейді кеден қызметкері. 

Ауыр жарақаттар алған жүкті әйелді дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер әйелдің миына қан құйылып, бауыр мен бүйрегіне зақым келіп, жамбас сүйектерінің сынғандығыны анықтапты. Бірнеше ота жасалса да, Мириамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмапты. Оның сегіз айлық сәбиі де шетінеп кеткен көрінеді. 

мисс

stan.kz