Шекарада қандай сомаға сатып алынған тауарға салық салынбайды

0

2018 жылғы 21 желтоқсан 14:25 86

Шекарада қандай сомаға сатып алынған тауарға салық салынбайды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке қолданысқа арналған тауарларды елге баж салығынсыз алып кірудің жаңа нормалары қолданылады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Келер жылдың қаңтар айынан бастап жеке қолданысқа арналған тауарларды Қазақстан аумағына баж салығынсыз алып өту нормалары: 500 еуро және 25 келі. Жаңа нормалар автомобиль, теміржол және теңіз көлігімен, соның ішінде «Қорғас» Шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы кіргізілетін жанында иесі бар және иесі жоқ тауарлар жүгіне қолданылады.

«Орнатылған нормалар асырылған жағдайда, құнынан 30 пайыз мөлшерлемемен кедендік төлемдер жасау талап етіледі. Бірақ жалпы құны және/немесе салмақ нормасы тұрғысынан әр келісі үшін 4 еуродан кем болмауы тиіс», — делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, 2018 жылдың соңына дейін 1500 еуродан аспайтын және салмағы 50 келіге дейін болатын тауарларды баж салығынсыз өткізуге болады. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz