«Шегін білмейміз»: Азат Перуашев елде жемқорлық белең алғанын айтып қамықты — Қазақстан жаңалықтары
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев елде жемқорлық белең алғанын айтып қамықты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасындағы «Слуги народа» бағдарламасына сілтеп.
«Жемқорлықпен күресті қатаң түрде жүргізу қажет. Және девальвация себебінің ең көп бөлігі жемқорлыққа қатысты деп ойлаймын. Мысалы, экономиканы дамытуға, бюджетті бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлінген қаражат ұрланып, желініп, шетелге өтіп кетеді. Бұған дейін де айтып өткенмін, жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіның мәліметі бойынша Қостанайда автожолды жөндеу жұмыстары бойынша болған тендердің 50 пайызы желінген. Бұл не сұмдық. Бізде қазір жемқорлық фактісі емес, қанша ақша желінгеніне таңғалатын болдық. Мұнда негізгі сома әрине, мемлекеттік сектор арқылы сатып алу кезінде шығарылады. Сондықтан, барлығын тәртіпке келтіру керек. бизнесті қолдаймыз деген мекеме басшыларының қыздары, немерелері бұл менің ақшам, бергім келсе берем, бергім келмесе бермейм дегендей отырады. Бірде мен, бір құрылымға барып едім, маған: «менің қолтаңбамның қанша тұратынын білесің бе?» дейді»,- деді депутат Азат Перуашев.
Оның сөзінше, біздің елде моральды кедергі бар. Яғни, ешкім сөз тасушы өсекші болғысы келмейді. Бірақ, бұл жағдайда біз өз мемлекетіміздің тоналуына жол береміз, дейді Перуашев. Жемқорлыққа қатысты сөз қозғаған депутат құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде де қомақты қаржы желінген жағдайлар болғанын айтты.
«Мысалы, құрал-жабдық сатып алатын кезде Қазақстанда да бар затты шетелден 3-4 есе қымбат бағаға сатып әкеледі. Бұл айырмашылықтың кездейсоқ емес екені бәріне түсінікті. Ол айырмашылық сол шетелде қалады. Мәселен, бұл фактілер есеп комитеті тексеру жүргізгенде анықталған. Жемқорлық деген не? Пара беретін адам бар және оны алатын адам бар деген сөз. Қазіргі бізде заң бойынша екеуі де жауап береді. Мен мысалы, шенеунікке пара беріп, алданған адамдарды көрдім. Олар қазір шенеуніктің пара алғанына таңғалмайды. Керісінше, пара алғандардың адалдығы мен арамдығына таңғалатын болды. Параны алып, уәдесінде тұратын жемқорлар бар. Және параны ала тұра, уәдесін орындамайтын жемқорлар бар. Ал мен, әлгі шенеунікке алғандаған адамда неге барып шағымданбайсың деп сұрадым. Сөйтсе, әлгі пара алушы оған онда сені түрмеге отырғызады деген екен. Мұнда мәселе мынада: Біз бұл шеңберді үзбесек, шегін білмей жүгіре беретін боламыз. Ешкім, еңбекпен тапқан ақшасын өз еркімен бермейді. Ешкім қолына чемодан салынған ақшаны ұстап, кімге берейін деп сұрамайды. Адамдар мәселесін шешу үшін осылай ақша беріп, жүгіруге мәжбүр. Сондықтан, жемқорлық фактісі туралы хаюарлап, ақша беруге мәжбүр болған тұлғаны жауапкершіліктен босату керек»,- деді Азат Перуашев.
stan.kz