Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты чемпиондық жекпе-жекке шыға алмайтын болды

Отандасымыз мамыр айына дайындалып үлгермейтінін айтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Белал Мұхаммедпен чемпиондық атақ үшін 10 мамырда күш сынасуы керек еді. Алайда отандасымыздың орнына австралиялық Джек Делла Маддалена шығатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белал Мухаммад 10 мамырда Монреальда чемпиондық белбеуін қорғайды. Осыған дейін Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке басты үміткер атанған болатын. Бірақ кейінірек жекпе-жекке Маддалена шығатыны белгілі болды.
Оның себебін отандасымыз түсіндіріп берді.
«Чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекті бірінші болып маған ұсынған UFC-ге алғысым шексіз. Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты мамыр айында жекпе-жекке дайындалып үлгермеймін», — деді Рахмонов.
Сондай-ақ ол Монреальдағы жекпе-жектің жеңімпазымен кейінірек күш сынасатынын айтты.