Шавкат Рахмонов UFC қызметкеріне қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді үйретті (ВИДЕО)
Нина Драма 38 әріптен тұратын сөзді айта алмады
Шавкат Рахмонов қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді UFC-дің блиц-сауалнамасын жүргізетін Нина Мари Даниэльге айтқызбақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол қазақ тіліндегі «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзін айтып, жүргізушіге үйретпек болады. Бірақ Нина Мари Даниэльдің оған тілі келген жоқ.
«Профессор Шавкат Рахмонов маған қазақ тіліндегі ең қиын сөзді үйретеді. Мен үшін бұл сөзді біреу жаза ала ма? Өтінемін», — деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.
Нина Мари Даниэль осыған дейін Playboy-дың жарқын жұлдызы болған.
Еске салсақ, 8 желтоқсанда Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрримен жекпе-жекке шығады.