Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

0

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Ultimate Fighting Championship-тегі (UFC) үшінші кездесуін өткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды KZNEWS.KZ тілшісі.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Vegas 47 турнирінде Шавкат Рахмонов Гайана өкілі Карлстон Харристан басым түсті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталып, отандасымыздың пайдасына шешілді. Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі үшінші, ММА-дағы 15-жеңісі. Оның барлық жекпе-жегі уақытынан бұрын аяқталған. Ал Карлстон Харристың бұл кәсіби мансабындағы бесінші, UFC-дегі алғашқы жеңілісі.