Шавкат Мирзиёевтің қызы басшылық қызметке тағайындалды

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Өзбекстан президентінің тұңғыш қызы елдің шетелдегі жағымды бейнесін қалыптастырумен айналысатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасарларының бірі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

«Бүгін ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновтың басшылығымен коллегияның кеңейтілген отырысы өтті, — деп хабарлайды агенттік. – Кеңейтілген отырыстың қатысушыларына агенттік басшылығының жаңа құрамы таныстырылды: агенттік директоры міндетін атқарушы — Комил Исмаилович Алламжанов, директордың бірінші орынбасары — Ходжиметов Авазбек Жаббаркулович, директор орынбасарлары — Мирзиёева Саида Шавкатовна мен Бозоров Гайрат Назарович».

Сонымен қатар, отырыс қатысушылары агенттіктің үкімет және Олий Мажлис палаталарымен өзара байланысын тереңдету, ақпараттық саясат құру және жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапарымен Өзбекстанға барады

Жаңа қызметке келген Саида Мирзиёева Өзбекстанның шетелдегі жағымды бейнесін қалыптастыру бойынша мәселелерді басқаратын болады.

Өзбекстан президенті дүниеге келген үшемнің отбасына тосынсый жасады



sputniknews.kz