Шаурма денсаулыққа зиян ба — диетолог пікірі

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Диетолог маман шаурманы қалай жеу керектігін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Диетолог маман қандай шаурма денсаулыққа зиянын тигізбейтінін айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазіргі заманда күнделікті тіршіліктің күйбеңімен дұрыс тамақтануға уақыт жетпей жатады. Мұндай жағдайда көбінесе тіске басар бірдеңе алып жүрген жақсы. Мәселен: қантсыз ашытылған сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер.

Тағы оқыңыз: Әйелдердің ажарын тайдыратын азық-түлік анықталды

Алайда ірі қала тұрғындары көбінесе тез әзірленетін ас ұсынатын дәмханаларға кіріп немесе жолай шаурма ала салады. Мұның да денсаулыққа еш зияны жоқ, дейді диетолог дәрігер Сергей Обложко. Оның пікірінше, дұрыс тамақтану тұрғысынан алып қарағанда шаурманың құрамында адам ағзасына қажеттінің бәрі бар: тауық еті, көкөністер және жеңіл соустар.

«Бұл жерде екі-ақ проблема бар: шаурма өндірушілер майды көбірек қосуға тырысады, сондықтан майын азайтуды өтінуге болады. Екіншіден, шаурманың екі ұшында бірнеше мәрте оралған жұқа нан ғана бар: оларды алып тастап, ортасын ғана жесеңіз, ағзаға қажеттінің бәрін аласыз – нәруыз, көмірсу және жасұнық», — дейді Обложко.

Аспаздар таза қолымен әзірлесе, бұл тамаша тіске басар тағам, деп атап өтті дәрігер.

Тағы оқыңыз: Бір ай ішінде қарындағы майдан қалай арылуға болады?

Майсыз шаурма табылмаса, дәмханадан өзіңізге пайдалы кез келген басқа тағамды таба аласыз. Диетолог мұндай жағдайда тауық еті мен көкөніс салатын таңдауға кеңес берді.



sputniknews.kz