Шатырларды жұлып әкетті: Түркістан облысында соққан құйынның видеосы желіде тарады (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысында қатты дауыл соғып, Аққойлы ауылындағы бірнеше үйді қиратты, деп хабарлайды Stan.kz.

ІІМ-нің төтенше жағдайла комитетінінде түсіндірілгендей, кадрлар 2 мамырда Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында түсірілген. Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан желдің салдарынан 17 жеке тұрғын үйдің шатыры қирады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Видеолардың бірінде ауыл тұрғыны дауыл туралы айтып берді, қираған үйлер мен ғимараттарды көрсетті.

Бұған дейін «Қазгидромет» 5 мамырда Түркістан облысында оңтүстік өңірлерде таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады деп ескертті. Кей жерлерде найзағай ойнап,  бұршақ жауады. Шығыстан жел 15-20 жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді деп мәлімдеді. 5 мамырда Түркістанда — желдің күші секундына 15-20 метрге жететіні хабарланды.

5 мамырда Шымкентте күн күркірейді деп болжанды.

stan.kz