«Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды»: Қайрат Әділгерей тағы да сынның астында қалды

0

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей еліміздегі тойлардың бірінде орынсыз қалжыңдаймын деп сынның астында қалды.

Қайрат Әділгерей өзі жүргізген тойда әнші Ұланғасыр Қамиды ортаға шақырып жатып: «Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды. Қарсы алыңыздар Ұланғасыр Қамиев — Қызыл Раушан», — деді.

Бұл сөзі тойдағы қауымның біразына жақпай қалғанын байқауға болады.

Желі оқырмандары: «Аузым бар деп оттай береді екен», «Осының-ақ жүрген жерінен шөп шықпайды екен», «Масқара», «Бір күні плотно оңбайды», «Орынсыз қалжыңдасады», «Жағымсыз әзілдейді», «Бір күні оңбай таяқ жейді ғой», — деп пікір қалдырды.