Шашын бояп келген оқушы қыз мектептен қуылды

0
Шашын бояп келген оқушы қыз мектептен қуылды


Мектеп өкілдері «оқушылардың сыртқы түрі классикалық стильде болуы тиіс» деген заңға сүйенген.

Ресейдің Новосібір ауданы Бердск қаласындағы 12 жасар мектеп оқушысы шашын көк түске бояп келгені үшін оқу орнынан қуылды, деп хабарлайды Today.kz. Оқушының анасының сөзінше, өзі болғанда қызының сыртқы түріне қатысты ешкім ештеңе айтпаған, бірақ ол мектеп ғимаратынан шыққан бойда әкімшілік қызды қуып жіберген.

Бірнеше күннен кейін мектеп психологы келіп, жоғары сынып оқушыларының бірі осы қыздың кесірінен шашын ашық түске бояп келгенін айтқан. Мектеп өкілдері «оқушылардың сыртқы түрі классикалық стильде болуы тиіс» деген заңға сүйенген. Десе де мектеп директоры жағдайды қолына алып, екі тарапты да тыңдауға уәде берді. 

Айта кетейік, 2018 жылдың 21 қыркүйегінде Перм прокуратурасы оқушы қызды шашын алқызыл түске бояғаны үшін сабаққа кіргізбеген директорға қатысты әкімшілік іс қозғаған еді. Құзырлы орган мектеп жарғысында оқушының шашына қатысты заң жоқ екенін айтты. Одан бөлек, РФ заңы оқушыларды сабаққа қатыстырмауды қарастырмайды.