Шаштың түсуіне ықпал ететін 5 себеп

0

Сіздің шашыңыздың айтарлықтай түсуінің себебін анықтаған орынды. Кейде кінә сіз пайдаланатын косметикалық құралда не бояу үлгісінде болмауы мүмкін…

Ең алдымен, қарапайым тест жасап көріңіз. Басыңызды бірнеше күн жумай, шашыңызды уыстап тұрып сүзіп өтіңіз. Егер қолыңызда бесеуден артық тал шаш қалса, трихолог-дәрігерге барғаныңыз дұрыс. Біз шаштың түсуінің бес түрлі себебін анықтай алдық.

1. Тұқым қуалаушылық
Генмен ойнауға болмайды: егер ата-ананың біреуі осындай шаштың түсуінен зардап шексе, сіздің де басыңызда болуы мүмкін жағдай. Жақында ғана ғалымдар генетикалық тұқым қуалаушылық тек әке тармағымен емес, ана арқылы да берілетіндігін дәлелдеген болатын. Десе де, егер күніне 100 талдан шашыңыз түсіп жатса, алаңдауға негіз бар.
 
2. Гормоналды өзгерістер
Шаштың түсуі тек жүкті келіншектер мен босанған әйелді ғана мазалайды деп ойлайсыз ба? Олай емес. Мұндай жағдай контрацептив қолданған кезде де ұшырасуы мүмкін. Мұндай кезде дәрігермен кеңесіп, бұл дәрілер туралы ақылдасқаныңыз орынды.
 
3. Детокс-диетаны ұстану немесе дұрыс тамақтанбау
Егер сіз детокс-диета ұстанатын болып шешсеңіз, әдемі сұлбаңызбен қоса, әлсіз шашқа ие болатыныңызды ұмытпаңыз. Ағза қорды тең бөліп жинақтар, ал олар үшін шаш  — маңызды бөлік емес екені белгілі.
 
4. Ұзаққа созылған күйзеліс
Жұмыстан сөгіс алып немесе құрбыңызбен ұрысып қалсаңыз, бұл есептелмеуі мүмкін, ал сіз ұзақ уақыт бойы шынайы күйзеліске түссеңіз, бұл шаш пен теріге айтарлықтай әсерін тигізері анық.
 
5. Денсаулық
Кейде түскен шашты көріп, нашар экология, күйзеліс, дұрыс тамақтанбауды сылтауратып жатамыз… Себеп аз емес! Алайда себеп айтарлықтай күрделі болуы да ықтимал: мәселен қалқанша безі мәселесі, сусамыр, жүректің ауруы, жоғары қан қысымы, т.б. Бұл жерде уайым-сарсаңға салынбай, дәрігерге барып көрінген орынды.
Көбіне біз кезең-кезеңімен жүзеге асатын шаштың түсуін бастан өткеріп жатамыз. Мұны өзіңіз де, үй жағдайында, арнайы құралдардың көмегімен күтім арқылы реттеуіңізге болады.

Дереккөзі: ​goodhouse.ru

Дереккөз: http://reactor.inform.kz