Шаршы метрі 400 мың теңге: Астанада хан сарайындай «ЭКСПО» үйлері өтпей жатыр — новости Казахстана
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шетелдіктер үшін салынған «ЭКСПО» үйлерінің неліктен аз көлемде сатылып жатқандығы белгілі болды. «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаевтың айтуынша, сатылымға шыққан уақыттан бастап бар-жоғы 148 пәтер өз иелерін тапқан екен деп жазады NUR.KZ.
Жиында сөз алған «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқармасы өкілдері, шетелдіктерге салынған пәтерлерді енді жаңа бағдарлама бойынша сатылымға шығарылатынын айтты.
«Бөліп төлеу шарты бойынша баспанаға қол жеткізгісі келетіндер, пәтерлер сату-сатып алу келімшарты жасасқан күннен бастап, пәтер иесіне айналады. Бағдарлама екінші дәрежелі банктер арқылы, 12 жылдық ипотекамен жүзеге асырылады. Пәтер аламын деушілер алдымен, төлем қабылеттілігін айқындауы тиіс.
Ол ақылы қызмет, 5 мың теңгені құрайды. Сосын пәтер құнының 20 пайызын төлеуі тиіс. Кейін келісімшартқа отырып, үш айлық төлем мөлшерінде кепілдеме төлемін төлеуі шарт. Ал содан кейін мүлікті сақтандыруы тиіс. Бұлардың бәрі маңызды шарттар болып табылады», — деді басқарма өкілі.
«Мәселен аумағы 43 шаршы метрді құрайтын бір бөлмелі пәтерді алып көрелік. Оның бағасы қазіргі таңда 17,2 миллион теңгені құрап отыр. Алғашқы төлем 3,4 миллион теңгені құрайды. Пәтерді алғанға дейінгі кепілді төлем құны 840 мың теңге тұрады. Ал ай сайынға төлейтін төлем сомасы – 113 800 теңгені құрайтын болады», — деді Асқарбек Өсербаев.
Сонымен бірге «Бәйтерек девелопмент» өкілдері «ЭКСПО» пәтерлерінің неліктен осыншалықты қымбат екенін түсіндірді.
«Пәтер құны жоба-сметалық құжат бойынша айқындалды және оны мемлекеттік сараптау барысында да пәтер бағасы мақұлданды. 2014 жылдан бастап тұрғын-үй құрылысына кеткен ақша қор ақшасы болғандықтан, оны біз қайтаруымыз тиіс. Сол себепті оның бағасы қазіргі таңда – 399 900 теңгені құрап отыр. Пәтерлер бизнес санатқа толықтай лайық, қабырғалары гипс-картоннан деген жалғаз сөз. Оны өздеріңіз барып көрсеңіздер де болады», — деді мекеме өкілдері.
«Бәйтерек девеломпент» өкілдері су жаңа пәтерлерді не себепті жаңа бағдарлама бойынша үйлестірілетінін түсіндірді.
«Үйлер сатылымға шыққан 7 ай уақытта бар-жоғы 148 пәтер сатылған. Яғни, пәтерлер біз ойлағандай сұранысқа ие емес. Сол себепті жаңа бағдарлама әзірлеуге тура келді», — деді ведомство өкілдері.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz