Шардарадағы мектепте екі жұмысшы уланып, бірі қайтыс болды

0

Түркістан облысы Шардара ауданындағы Шардара мектеп-лицейінде жылу жүйесіне қажетті сұйық отынды құюға келген жанар-жағармай бекетінің екі жұмысшысы уланып, бірі оқиға орнында қайтыс болды. Бұл туралы 9 қаңтарда Азаттыққа аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бердіәлиева айтты.

Ақшагүл Бердіәлиеваның айтуынша, қайғылы оқиға 8 қаңтарда сағат 16.00 шамасында Шардара мектеп-лицейінде сұйық отынды бөшкеге құйып жатқанда болған. Мектепті жылу жүйесіне қажетті сұйық отынды тендерде жеңген мердігер компания әкеледі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Мүсілім оқиға орнында екі адам уланып, бірі қайтыс болғанын растады.

Оның айтуынша, жедел жәрдеммен Шардара аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген науқас әлі есін жимаған. Ол жасанды тыныс алу апаратымен демалып жатыр.

Дереккөз: Азаттық