Шәмшидинова деген кім? Жаңа білім министрінің өмірбаяны

0

Күләш Шәмшидинова 12-ші білім және ғылым министрі атанды.

25 ақпанда ҚР Президентінің қаулысымен жаңа білім министрі тағайындалды. Жаңа министрдің есімі – Күләш Шәмшидинова, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күләш Шәмшидинова 12-ші білім және ғылым министрі болды. Оған дейін бұл қызметте Ерлан Сағадиев отырған.

Ол 1958 жылы 4 наурызда Талдықорған облысының Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді.

1979 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. Университетті бітіре сала Күләш орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей бастады.

1981-1991 жылдары Киров райкомының хатшысы, Талдықорған партия обкомының инструкторы, Талдықорған партия горкомының хатшысы болған.

Талдықорған облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты директорының орынбасары (1991-1992);

1992 жылы Талдықорғандағы №18 мектепке директор болып келіп, 4 жыл жұмыс істеді.

4 жыл бойы (1994-1997) Талдықорған облыстық мәслихатында депутат болды.

1996-2002 жылдары Талдықорған әкімінің орынбасары.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі (02.2002-05.2005);

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру-сауықтыру орталығының бас директоры (23.05.2005-04.2007);

ҚР Білім және ғылым вице-министрі (04.2007-10.2009). Сонымен қатар осы уақытта «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да директорлар кеңесінің төрайымы болды.

«Өркен» АҚ Басқарма төрайымы (06.2010 бастап — «Назарбаев Интеллектуалдық мектептер» АҚ) (10.2009 бастап).

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, премиялар, құрметті атақтар:

2008 — Құрмет ордені;

2014 — Парасат ордені;

ҚР мемлекеттік және үкіметтік мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

«ҚР білім саласының құрметті қызметкері» және «ҚР білім беру ісінің үздігі».

«ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001).

«ҚР Конституциясына 10 жыл» медалі (2005).

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz