Шамалған станциясындағы апат: жантүршігерлік апаттан кейінгі кадрлар
Жексенбі, 15 қыркүйекте сағат 19.08-де Шамалған станциясындағы теміржол өткелінде жантүршігерлік оқиға болды. №43 «Алматы — Қостанай» пойызы Setra жолаушылар автобусымен соқтығысты. Sputnik Қазақстан оқиға орнында түсірілген кадрларды оқырмандар назарына ұсынады
Машинист пойызды шұғыл тоқтатуға тырысқан, алайда қайғылы жайттың алдын алу мүмкін болмады.
Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, үш жолаушы ауыр халде ауруханаға жатқызылған.
Тағы оқыңыз: «Бәрі аш деп айқайлады»: жолаушы автобустың ішінде не болғанын айтып берді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол апатын тергеу үшін арнайы комиссия құрды.
Төтенше оқиғадан кейін не болып жатқанын және жантүршігерлік апат орнын суреттерден көре аласыз.
sputniknews.kz