Шалқыған егіз Нығматулиндердің байлығы

0
1325

Парламент төменгі палатасының бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің егіз інісі Ерлан Нығматулин соңғы бес жылда Forbes журналының «Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері» тізімінде болды, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

2021 жылы ол рейтингте 32-ші орынға ие болды. Бірақ кәсіпкердің нақты жағдайы аталмайды.

Басылымның мәліметінше, Ерлан Нығматулиннің «Informservice» ЖШС, «PULSE» ЖШС, «Viraj Service Karaganda» ЖШС, «Orken-Media» ЖШС, «TREND Capital» ЖШС, «YDD Corporation» ЖШС, «QazFerroAlloys» ЖШС акциялары бар. Сондай-ақ Эдуард Огай (рейтингте №13) және Владимир Жұманбаевпен (№34) бірге Нығматулин «Қаражыра» АҚ көмір өндіруші акционері болып табылады.

Өткен жылдың соңында Қарағандыда «Qaz Carbon» ЖШС-нің ферроқорытпа зауытын ашты. Бұл жобаның жалпы сомасы 50,7 млрд теңгені құрады.