Шалқар тұрғындары 15 жастағы оқушының өлімінен соң үндеу жариялады — новости Казахстана
Ақтөбе облысы Шалқар ауданында оқушылар арасындағы төбелестен 15 жастағы жасөспірімнің қаза болуына байланысты жергілікті тұрғындар үндеу жариялап, әлеуметтік желі арқылы таратып жатыр деп жазады NUR.KZ тілшісі.
Шалқар тұрғындары жерлестеріне үндеу жариялап, әлеуметтік желілер арқылы таратуда.
«Құрметті шалқарлықтар, ардақты ата-аналар! Кешегі қайғылы оқиға еңсемізді түсірді. Қайғыдан қан жұтып отырған отбасыға Алла сабыр берсін! Қайырын берсін. Біреудің алақанға салып, аялап өсіріп отырған баласы қыршын кетті. Оқиғаның қайталанбасына кім кепіл болады? Бұл ойланатын жағдай. Бала тәрбиесі қазір өте күрделеніп кетті. Біз, ата-аналар, жұмысбасты бола бермей, бала тәрбиесін мектепке артып тастамай, көңіл бөлейікші. Дастархан басында жақсы әңгіме айтып, әкімшілікті, айналаны, ағайынды, мұғалімді жамандай бермей, баланың көзінше жақсы әңгіме айтайық», — деп жазған үндеуде шалқарлық ата-аналар.
Шалқардағы жұмысшылар қалашығының тұрғындары, 8- 11 сыныпта оқитын ер балалардың ата-аналары мектепке жиналған.
Еске сала кетейік, Шалқар ауданындағы төбелесте 15 жастағы жасөспірім көз жұмған болатын.
Қаза болған оқушы спортпен шұғылданған.
Жеткіншектің өліміне күдікті адам ұсталды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz