Шалқар көліне 20 мың шабақ жіберілді

0
18 Қараша 2018, 16:54 225 0

Фото: massaget.kz

Астана, BAQ.KZ. Шалқар көлін осыдан екі жыл бұрын жергілікті кәсіпкер Ғанибек Сұлтанов он жылға жалға алып, балық қорын көбейтуді бастаған болатын. Өткен жылы кәсіпкер тек қана тұқы балығын әкелсе, биыл қазан айының басында ақмарқа, дөңмаңдай, тұқы, яғни барлығы жиырма мың шабақты көлге жіберді. Бұл туралы aktobegazeti.kz сайты хабарлаған болатын.

«Шабақтарды Аралдағы «Қосжар» балық питомнигінен сатып алдым. Арнайы көлік болған соң жолда бірде-бір балық өлген жоқ. Қазір балық жіберген аймақты қорғауға алып, аулауға тыйым салынатыны жөнінде плакаттар іліп қойдық. Үш жылға дейін бұл жерден балық аулауға бомайды. Одан кейін де кез келген адамның аулауына рұқсат жоқ. Арнайы талап бойынша, жолдамамен келіп аулауы тиіс. Бұрынғыдай емес, қазір броконьерлер азайды. Осының өзі бізді қуантып отыр», — дейді Ғанибек Сұлтанов.

Егер көлге жыл сайын осылай балық жіберіліп отырса, балықтың қорын молайтуға, оны нарыққа шығарып, ауланған балықтың орнын толтырып отыруға болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ