Шәкәрімнің сүйегін салған шабадан — Руханият|22 Қараша 2018, 10:19
Астана, BAQ.KZ. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Шәкәрімнің сүйегі салынған ескі шабаданның таныстырылымы өтті, деп жазады altaynews.kz.
Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, бұл 1961 жылы Шәкәрім қажының сүйегі салынған шабадан. Бұл шабанданмен Ахат ата Құрқұдықта жатқан әкесі Шәкәрімнің сүйегін топырақтан аршып алып, Бақанастан Жидебайға әкеліп жерлепті.
«Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан нақты осы екендігі туралы Ахат Шәкәрімұлы, Мінәш Әрхамқызы, Досымхан Тоққараұлының жазбалары мен естеліктеріненен оқып, танысып көрдік. Шабадан 1952 жылы жасалған екен. Ұзындығы – 72 см, ені – 46 см, биіктігі – 24 см. Ішінде «Ленинград-1952» деген жазуы бар. Қарауылда тұрған Кенжетілеу Доланбеков үйінің мүлкі. 1961 жылы Ахат ата Бақанасқа жол жүрерде өзімен бірге осы шабаданды ала кеткен. Сол кездері жүргізуші боп істеп жүрген Қабидолла Медеуов дәл осы шабаданмен Ахат ақсақалды Қарауылдағы Шағатай Ысқақовтың үйіне апарып салғанын айтты. Бұл жәдігерді музей қорына 2017 жылдың шілде айында Айдар Доланбеков табыстады. Содан бері қарай қаншама зерттеулер жүргізіп, бүгін ғана ашық жариялап отырмыз, — деді директордың орындбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ