Шайтанға табынушылар адамдарды құрбандыққа шалған

0

Ресейдің Карелия Республикасы мен Ленинград облысында сұмдық қылмыстық іс ашылды, деп хабарлайды ЭК.

РИА Новости таратқан ақпаратқа қарағанда, екі шайтанға табынушы бірнеше адамды өлтіріп, құрбандыққа жасау рәсімін орындаған. Әзірге екі адамды орманға апарып тамағынан орып өлтіргені анықталып отыр.

Екі күдіктіге де кісі өлтіру айыбы тағылды.

Екінші рет адам өлтірген кезде қастарында бұлардан бөлек тағы да екі шайтанға табынушы болыпты. Қазір олар да ұсталып, осы қылмыстарға қандай қатысы бар екені анықталып жатыр.