«Шайтан қуғыш» атыраулық емші-күзетшіге қандай жаза тағайындалды?
Кішкентай балалардың ішінен «шайтан қуып» емдеп, көпшіліктің ашуына тиген атыраулық емші Кейқуат Оспановқа қатысты әкімшілік жаза қолданылады. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
«Бұл іс бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Баланың ата-анасынан арыз-шағым түспеген, сондықтан оны әкімшілік жазаға тарту қарастырылып жатыр», — деп жауап берді Ғалымжан Қойгелдиев.